Оңтүстік Қазақстан Обылысы, Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында 1995 - інші  жылдың  маусым айының жиырма үшінші жұлдызында дүниеге келген. Мектеп кезінен арманшыл өзгелерге ұқсамайтын болмысы қалыптасқан ,  өлеңге құштар жан өлеңмен өмір сүріп,  өлеңмен жылап өлеңмен қуанады.  Алғашқы тырнақ алды өлеңдері аудандық " Білім бұлақ" "Ордабасы оттары" газеттерінде жарық көрген.

 

"Түнгі көше"

 

Түнгі көше шамдары тізбектелген,

Нәзік үміт секілді күзді өткерген.

Қара түнде алыстан сығырайып,

Сағынышым іспеттес іздеп келген.

 

Қара жер , төбемде қара аспан,

Қара мұң санамды жаңа басқан.

Менің шимай ойымды бедерлейді,

Көліктердің гүрілі жағаласқан.

 

"Ерке самал" жапырақтар тербелген,

Құлағыма тыныштық үн өңгерген.

Ай нұрымен көмкерілген кеңістік,

Қоңыр көше қаңыраған "сен келген"

 

Шерлі жұлдыз , қара көктен тайғанап,

Тұр сілейіп  аяныштан ай қарап.

Бұйра бұлттан үзілген мұң моншақтар,

Сырғанайды жанарымды аймалап.

 

Жүрегімде толы қайғым тынымсыз,

Түнгі көше бізді күтіп тұр үнсіз.

Сұқтанады ымырт түссе сұр көше,

Сен кеткелі ұйқым сирек "түнім сыз"

 

" Қара қыз"

 

Безендірген түнгі аспанды жұздыз ай,

Тынық жұмсақ , шырайланды күзгі рай.

Пәк сезімнен ұялып жүріп бетпе - бет,

Алғашқы рет ұшырастық біз бұлай.

 

Ұялыда алмастырып жиі арман,

Құрастырдық бақыт бағын қиялдан.

Махаббаттың шапағына өртеніп,

Қандай жақсы бет қызарып ұялған.

 

Сезім еніп шымырлатып "тағы алып"

Жүрегімде  ірі  дүрсіл  жаралып.

Қара жерге жабысып қос табаным,

Көз алмадым дидарыңнан қадалып.

 

Шырмалды , бір сиқырға сана дөп,

Көңілімде ашылды кең жаңа көк.

Көмкерген мақпал түнді үнсіздік,

Бірдеме деп айтуға да шама жоқ...

 

Үмітімнің жігер отын бір үрлеп,

Қоңыр үнім түнгі ауамен гүрілдеп.

Әр сөйлемнің бас әріпін бір шалып,

Сөз бастадым қызыл ернім дірілдеп.

 

Сүйемелдеп нәзік үнің жалғасты,

Аршылғандай жаңа гүлің алғашқы.

Шертілгендей домбыраның қос ішегі,

Өзіне тән үйлесім сөз алмасты.

 

Түнгі аспанда әсем жұлдыз асылып,

Келбетінен күміс нұры шашылып.

Боз баламен ерке сұлу жарасып,

Ынтық жүрек кетті еркін ашылып.

 

Ұзын көше , қуаласып ай қашқан,

Басталды осы сәттен жәй дастан.

Қамсыз күйде ерке күліп жанарың,

Жүрек албырт ұясына жайғасқан.

 

Көмейіме өз сөзімді жүк күліп,

Сенімімді сезімме жықтырып.

Өз - өзіммен алыстырған махаббат,

Осы сұлу мені жүрген күттіріп.

 

Қанша түнде түмен оймен мұң құштым,

Сағынышпен арпалысып қырқыстым.

Бір мезетте шыдай алмай ынтығып,

Құшағыма сені қатты бір қыстым.

 

Өн бойымнан тайғанады сыз анық,

Көк жиекке шалқайды ай ұзарып.

Құшағымда алауладың сүйіктім,

Ұялып қатты күлімдедің қызарып.

 

Кеуде кернеп пәк сезімнің толғағы,

Сені құшқан маңдайымның зор бағы.

Дәл сол түні , мына жалған өмірде,

Менен артық бақытты жан болмады.

 

Қауыштырды құшағында қара күз,

Қосарланып жол бастадық жаңа біз.

Қошқыл түнге көрік берген көктемім,

Жүрегімде мәңгі қалған "Қара қыз"

 

Сөнбейді отың!

 

Сағындым, Әке сені шыныменде,

Өмірдің нұры аспанда гүлі жерде.

Табиғат жасы жаңбыр дауыл шері,

Әкемнің жаны көкте үні менде.

 

Пенденің бағы алыс соры демде,

Жақсының өзі көрде сөзі елде.

Тұлпардың тектілігі тұқымында,

Әкемнің тәні жерде қолы менде.

 

Күйіктің қарымдысы шала мұңда,

Арманның отты алауы талабында.

Шынардың мықтылығы тамырында,

Әкемнің соңғы үміті жанарымда.

 

Жараса соқа тағдыр бір егінге.

Сөнбей отың өршиді жігерімде.

Әкемнің суреті тұр қабырғада,

Ал жүрегі анамның жүрегінде.