Есмағамбетов Рамазан 2000 жылы 16 желтоқсанда Қостанай облысы, Әуликөл ауылыда дүниеге келген. Қасиетті айда дүние есігін ашқан балаларына ата-ана Рамазан деп ат қойған.Есмағамбетов Рамазан медициналық сирек кездесетін генетикалық сырқатқа шалдыққан: Дамушы сипаттағы жетілмеген остеогенез, ІІІ түр. Қарапайым тілмен айтар болсақ, Рамазанның сүйектерінде кальциийдің жетіспеушілігі орын алып, осының себебінен сәби сүйектері тез сынғыш болып келеді әрі майысқақ сипатты.
Рамазан 5- сыныптан бастан Астана қаласы Ғали Орманов атындығы №7 мектеп-гимназиясында оқиды. Бірақ ол мүмкіндігінің шектеулігіне қарамай өте дарынды. Сурет те салды, өлең де жазады. Өлеңге құштарлығы қарындасы өмірге келгенде «Жансая» деп есімін беріп, оған деген нәзік сезімнен «Қарындасыма» деген алғашқы өлеңі жарық көрген.Бұл ақындық қасиетін нағашы әжесі байқап, «Дарыныңды бойыңа сіңір, атақты ақын бол»,- деп батасын берген.
«Баланың жақсы болуы нағашыдан» демекші, Рамазанның өлеңге деген құштарлығы нағашы әжесі Гүлжәмилядан беріліпті.
Сонымен қатар елімізде өтіп жатқан түрлі іс-шаралар мен сайыстарға да қатысып тұрады. Атап айта кететін болсам, Астанада «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» конкурсынына қатысып, «Алтын қауырсын»аталымдары бойынша І орынға ие болған. Қазіргі таңда Рамазан 11 сынып оқушысы. Алда үлкен сын тұр. Сол сыннан сүрінбей өтіп, Л Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналист мамандығы бойынша студент атану,болашақта халқының мақтанышына айналып, үлкен ақын болу- Рамазанның асыл арманының бірі Кеудеңде ыстық қан барда, Боларды да, болмасты, Болады деп арманда!- деп армандар орындала берсін демекпін.
Тәуелсіздік мерекесімен қатар келген Рамазанның туған күнімен №7 мектеп-гиназиясының директоры Жанат Тұрысбекқызы Айтова және Ғали Ормановтың жиен немересі Қырықбай Айдар, кәсіпкер Динара ханым үйіне құттықтап барды. Құттықтау сөздер айтылып, сый-сияпаттар жасалды. Мектеп әкімшілігінің атынан Рамазанға компьютер сыйға тартылды.
Айдын Тойғанбаева
Астана қаласы Ғали Орманов атындығы №7 мектеп-гимназия ұстазы
Жаңа жыл
Жаңа жыл, жаратқанның бір қарызы,
Жаңа жылмен жаңа бақыт берер қазы.
1 жыл,12 ай, үш жүздік күн,
Сынап өтер тар тараптан, бұл парызы.
Жаңа жыл, жаратқаннан бір алғысы,
Сөзі жетпес, көктен кетпес бір барысы.
Жаңа жылда есік ашар болашаққа,
Таза сумен жуып шаю көп қайғысы.
Жылдар басын жануарға теңеп қарсы
Түйім сөзі адам затқа түйіп қасы.
Мешін жылы, қазығыңа сараң болма,
Əтеш жылы, көтер кеуде қаз дауысы.
Жаңа жылың кісі адам кар сал жақсы!!!
Жаңа жылда орындалсын дөп барысы!!!
Бастан бақ , қастан ақ түспесін сəр,
Құттылығың барша болсын ең бастысы!!!
Қарындасым
Кірпік іліп, қалғып кетер таң отырыста
Кішкентайдың шашын өріп асығыста,
Сабағына кешігеді қуыршағым,
Жолын салар əке екеуге жарық шамың.
Түскі асқа таңартеңнен анам салар,
Жолшы бойын, нəр тағамнан қоқым қалар.
Есесіне, қарындасым тапқыр қызғой,
Дорбасынан тауып, артық үйге қалар.
Қарындасым, ойнайсыңғой есерленіп,
Сəлде болса, күле қойсам, еркеленіп.
Тыңдамайсың ешкімді де түлкім-ау,
Сонда тіпті болғайсың ғой тəттім-ау.
Қарындасым, өтінемін асықпа,
Жетпей жатқан ойыншықпен азық па?
Жасың жетпей, ойың ептей берсін сəл.
Əйтсе болса ұямыздан қашықпа!!!
Қанша жерден, неше жасқа жетсең де,
Оқу барыс, өміріңмен кетсең де,
Қазір сұрайм, өтінішім қабыл ал,
Кішкентайым болып қалшы жетсең де.
Оян адам
Қырым бар ед, мұңымменен жабығар
Шексіздіктен, тыным, жырдан табылар.
Ойым жатыр, əйтсе тілмен ашылар,
Ерте кештен, жырдың да шыдам таусылар.
Болашақты мен де ойлайм халайық ,
Есесіне, сен жоғыңда не қылайық.
Құдай аңды, жұртым ханды жаратқан.
Елді жоқпен өз ауызына қаратқан.
Қайтеді адам сол баяғы жоққа байып,
Қара майға талассқанға бар ма айып?
Жынды соғыс болмасын тек, кетсін ғайып.
Неге тек құр бір сəтке бəр ұмытып,
Жиналмаймыз? Адам кетер сəлде ғайып.
Халқымызда сана болса, болар бірлік,
Бұқарам болса бірге, болар тірлік.
Заманымның ағымына еріп келем,
Ақ қараны да өз көзіммен көріп келем.
Есің жина!!! Біз де бір күн кетерміз,
Көк аспаным шақырып бір өтерміз.
Күмəнім бар, ашылмайсың еш біреуің!!!
Ақын баба, жұлдыз шарға жетерміз.
Ақын өлсе атыменен шоғы тайып
Кі'м оятар қиын күнде сана жайып?
Қорықамын, мен сен үшін адам бала.
Болмай қалсаң жоспарыңдай ертең байып.
Мен де адам, араманым бар бұл өмірде,
100 ден жасап, есім қалса өзімде.
Құштармын мен қандай ғашап болары алда?
Болашақтың нəн лəззəтін көруге.
Алда келер, ауруға жоқ уақытты,
Əр қимылың болмас па екен қауіпті?
Шексіз тізім, бір арманда, əйтсе болса,
Сен де бар ед, жаның қалар алыпты.
Себебі сол, басың барғой мойныңда,
Алыс-талыс болмасын тек ойыңда.
Балынып кетпе ығыс-тығыз байлыққа.
Байлығыңды жараттыңғой бойыңда.
Міне жоқсың қасымда сен сəн тəнім,
Жүрегімде ақтай ұрған айтаңым.
Неге тастап мені сонау кетесің?
Тіл қатпаса, қасымда ед құс əнім.
Сені сүйсем, сүйемін мен тағыда,
Кеуде тұрып, сенімімді жайғанға.
Мың алғысым, саған тілер шексізім.
Бақытты бол жастық тақтан тойғанда.
Зорландымғой, əйтсе сенде сүйдің бе?
Сəлде болса ішкі сырдан күйдің бе?
Айталмандай, тіл жұтарлы қасымда,
Ойда жоқпын сенің , болса расында.
Неге менен жын көргендей қашасың
Қашан сөзге күнді жүзің ашасың?
Түр жауабың , ор болса да жетеді.
Күттірме жанды, қордай болып тезеді.
Əн де дауысың жүрегіме, не дағы да,
Сені сүйсем, сүйемінғой мен тағы да
Есесіне, сенің де бар Алдиярың
Махаббаттың жоққой қара-ағы да.
... .
Міне жоқсың қасымда сен сəн тəнім,
Жүрегімде ақтай ұрған айтаңым.
Неге тастап мені сонау кетесің?
Тіл қатпаса, қасымда ед құс əнім.
Сені сүйсем, сүйемін мен тағыда,
Кеуде тұрып, сенімімді жайғанға.
Мың алғысым, саған тілер шексізім.
Бақытты бол жастық тақтан тойғанда.
Зорландымғой, əйтсе сенде сүйдің бе?
Сəлде болса ішкі сырдан күйдің бе?
Айталмандай, тіл жұтарлы қасымда,
Ойда жоқпын сенің , болса расында.
Неге менен жын көргендей қашасың
Қашан сөзге күнді жүзің ашасың?
Түр жауабың , ор болса да жетеді.
Күттірме жанды, қордай болып тезеді.
Əн де дауысың жүрегіме, не дағы да,
Сені сүйсем, сүйемінғой мен тағы да
Есесіне, сенің де бар Алдиярың
Махаббаттың жоққой қара-ағы да.
Сұрақ-жауап
Қайда барамын алыс ұзап?
Түл-түннің жамырауында?
Қайда барамын алыс ұзап?
Өмір, уақыт омырауында?
Қай оңымнан табамын мен?
Бақ жатқан ед бұл жолымда.
Қай солымнан қашамын мен?
Бес жаманым жүр соңымда.
Кімді табамын сапарымда?
Жалғыс жүрер жоқ ойымда.
Қалай тығылам аң-таңымда?
Таппайтындай қардан ізім да.
Қайдан іздеймін жауабымды?
Кім кеңесін тоқиды?
Кімге қоямын сұрағымды?
Кім хатымды оқиды?
Жауап:
Түнде салма жол сонау,
Түнде қайда жетерсің?
Жүктен артпас көп сонау,
Уақыт сүзбей жүрерсің.
Көз көрмейді түк түннен,
Бақыт қастан сезерсің.
Бес асыл оз жын жүзден,
Сауап түгел терерсің.
Дос шар, туған қандарсыз
Жапа жонап кетпессің.
Болма су жүрек қояндай
Ізіңнен қашып жетпессің.
Ақылдының сөзі зор
Тыңда, содан кеңес ал.
Ақымақтың сөзі тор.
Жаман тілге шеге сал.
Əке нақыл байыған
Бата алар байырдан.
Ұрпаққа жаз мұраңды,
Тоқсанға кеп қайырдан.