Болған оқиға желісімен...

Ғани ƏЛИХАН

Қысқасы жаңа жыл жақындап , кафе ауласына шырша орнатып апақ - шапақ боп жатқанбыз . Әне- міне дегенше 2001 жылда кіріп келмек . Көше жақтағы фонарлаға қосымша түрлі - түсті гирляндтарды іліп , соңғысы осы үлкен шыршаны орнату ғана қалған еді . Кенеттен Роза апайымның қол бұлғап шақырып тұрғанын көріп жүгіріп бардым . Кабинетіне кіргенім сол екен әңгімесін төтесінен бастаған апайым көп сөйлеп отырмай :

 - Жігіт таптың ба ?Әлде сол баяғы жүрісің ба ?-деп сұрақтың астына алды . Бұл кезде ол апайыма біраз үйреніп қалғанмын ,оның үстіне бұрынғыдай емес, өзіне жақын тартып менімен ашық сөйлесетін .

Сол үшін де осы кафеден жататын орын беріп, қолынан келгенше көмектесіп тұратын . Тіпті ай сайынғы жатын орын үшін төлейтін үш мың теңгені де сұрамайтын болған еді . Яғни тегін тамақ ,тегін пәтер . Бұл осында пәтері жоқ провинциядан келген мен үшін өте жақсы . Сондай –ақ, ауылдағы әке шешем де, ақша жіберуге көмектесетін . Өйткені алғашқы салған елу мың теңгем ,үйдегілердің төбесін көкке дейін жеткізіп тастағаны анық . Өйткені ол өте көп ақша . Міне бүгінде сондай ақшадан қырық мың теңге салып келдім . Осы ақша қолдарына тигенде әке- шешем тағы да бір рет қуанып қалған шығар .Алайда осындай ақшаны әкемдей  адамның құшағында жатып тапқанымды олар қайдан білсін ? Ол кезде мен банктен ақша салу дегенді білмеймін , банк картасынан осы апайым өзі салып келетін . Әйтеуір қолыма сомасы жазылған чекті ұстататын . Содан барып бір күндердің күнінде ақшаңды алдық деген үйден хабар еститінмін .Міне осындай жақсылық жасап  жүрген апайымнан несін жасырайын , жігітім жоқ екенін ашып айтып салдым .

 - Мына жауапқа біраз ойланып қалған апайым сұрақты қайта жалғады .

 - Сонда қалай , әлі жігітпен болып көрмегенсің ба ?-дейді . Мына сөздің төркінін нақты түсіне алмасам да :

- Жооқ болып көрмегенмін деп жауап бердім . Бұл сөзіме таңданысын жасыра алмаған апайым, темекісін тұтатып құшырлана сорып әңгіменің ашығына көшті .

 - Ертең менің туған күнім , жасым қырыққа келеді . Жан дегенде жалғыз қызым бар . Бесінші сыныпта оқиды . Өткендегі осында келген кішкентай қыз, сол менің қызым . Ал енді айтайын десем , аузым бармай тұр . Өйткені сол қызымның болашағынан қорқамын . Бірақ өз еркің білсін , айту менен жауап сенен . Өткендегі жігіттің есімі Болат . Оны сен де білесің, ол да сені жақсы таниды .Ол сенің клиентің . Алматыда біраз жерде “вес” ұстап тұрған жігіт . Менің түйдей құрдасым . Сенімен кездескісі келеді . Соңғы үш айда сені қайта - қайта айтып менің миымды шірітті . Айтпасыма қоймады . Қарсы болмасаң кездестірейін . Есіңде болсын ! Егер қарсы болсаң, онда жоқ дейін де ,өз жөніме жүрейін деп барып төмен қарады .

Мына сөзден соң мен қатты ойға баттым . Өйткені өз клиентім Болат жайлы ойлай бастадым . Оны мен танимын . Танығанда да жақсы танимын . Өзі әдемі киімдер  киеді . Қымбат-қымбат көліктермен келеді . Және де айналасында үш төрт жігіт жүгіріп жүреді . Болаттың сөзі олар үшін бұлжымас заң . Заң болғанда қандай, мөр басылып қып - қызыл құжатталған заң . Ал енді “вес” ұстайды деген не ? Бизнесмен деуші еді . Бизнестің қандайда бір түрі болар деп топшыладым . Сондада қайта сұрап көргім келіп ,

 - Роза апай мен ойланайын .Бірақ сіз маған мынаны айтыңызшы “вес “ұстағаны қалай- деп қарсы сұрақ қойдым . Темекісін езіп сөндіре салған апайым енді маған бәрінде түсіндіруді бастады .

 -  “Вес” ұстайды деген сөз , ол кез келгенге сөйлей алады деген сөз . Болат осы Алматының кез келген адамына өз өктемдігін жасайды деген сөз . Болаттың “А” дегені алғыс” Қ “дегені қарғыс болатын жігіт. Ол сондай адам оның айналасында жүрсең проблема деген болмайды . Ақшадан бастап алтынға дейін бәрі болады . Қысқасы ешкімнен кем болмайсың тең боласың . Тіпті артық боласың ,бірақ ...деп барып тоқтай сала үстелде жатқан темекісіне жармасты . Мұның бірағын ұқпай аңтарылып мен қалдым . Түк түсінсем бұйырмасын . Бойымды бір сезім бойлай жүгіргендей болды . Менің де іздегенім сондай адам емеспе ? Ақшадан проблемам болмаса, онан артық маған не керек ? Өзі де алып бара жатқан кәрі емесқой . Алғашқым болған Азаматтан асып түспеседе кем түспейді ғой . Тек тіке қарағанда көз жанары қорқынышты . Оның үстіне тұйық мінез ашылып көп сөйлемейді . Тіпті күлгенін де көрген емеспін . Өзі бір жүрген жұмбақ жігіт . Не десем екен а ? Ия десем бе екен ? Бірақ , апайымның бірақ , бірақ дей бергені несі ...Айтқандай о баста мен пәтерден ауысып ,кафеге түнеп жүргенімде ше ? Күзеттің жігіттері түрткілеп қоймаған еді ғой . Апайым сонда Болатқа айттым ,енді қорықпа деген еді . Сонан болса керек , бірде бір күзетші түрткілеу түгіл маңайыма жоламай кетіп еді ғой . Тіпті өзім сырласып , дос боп жүрген күзеттегі Бақытбек деген жас жігіт ше ? Ол да жоқ болды ғой . Бұрын ананы -мынаны айтып қипақтап кеп тұратын , тап қазір аяғын алыс салып зым- ғайым болды емеспе ? Көрседе көрмегенге салып жақындамай жүр ғой .

Еее енді түсіндім , “вес” деген осы екен ғой . Мұндай мүмкіндікті жіберуге болмас . Менің де іздегенім осындай адам емеспе ?  Не де болса Болаттың өзімен сөйлесейін , жауабын өзіне айтайын . Қысқасы мен дайынмын . Алматыда қалуға бұл деген үлкен мүмкіндік дедім де апайыма қарап :

 - Мен қарсы емеспін тек Болатпен жеке сөйлессем болды . Сіз маған онымен сөйлесуге мүмкіндік жасасаңыз . Айналамдағы қыздардан ұяламын . Өсек сөзге ілінсем мұның соңы ауылға жетсе ағам өлтіреді . Айтқан едім ғой  менің екі ағам бар деп . Әсіресе кіші ағам өте қатал мінезі шатақ . Егер жағымсыз сыбыс естісе болды мені аман қоймайды . Сол үшін де ешкім білмесе екен дегенім ғой ,дей бергенімде апайым сөзімді бөліп жіберді .

 - Сен жақсылап ойландың ба өзің ? Сенің тап қазір жоқ деуге мүмкіндігің бар .Ал Болатпен араласып бастасаң ондай мүмкіндік жоқ . Бақадай басыңды бір тыққан соң қос аяғыңмен құтылу жоқ . Ақша жағынан жағдайыңды жасаған соң сенің шалт кетуге хақың да жоқ . Былайша айтқанда тоқал боласың . Тоқал болғанда да жәй тоқал емес басы байлы тоқал боласың . Артық қадам жасамайсың . Мына дәуренің басыңнан бұлбұл ұшып барар жерің шектеулі болады . Сол үшін де жақсылап ойлан ,әлі де уақытың бар деп ұрсып берді . Алайда маған бұл қызық болмады .Бар ойым Болаттың ақшасына кеп тірелді де тұрды . Оның үстіне кез келгенге сөзі өтетін адам . Демек мен де бәрі болады . Болаттың атынан сөйлеп бәрін шеше аламын . Кешегі пәтерім алдында мені сабаған Нарынқолдың қыздарынан ең бірінші кегімді аламын . Онан анау ескі пәтерлестерім бар . Оларға да өз үстемдігімді жүргізіп құдіретімді көрсетемін . Ал басқа да қарсы келгендер болып жатса көздеріне көк шыбын үймелетемін .Болат тұрғанда мені жау алмайды . Мен осыған дайынмын . Болаттың тоқалы боламын . Қысқасы апайымды бәріне көндіріп ертесіне ақ ,түс кезінде Көк-төбедегі Болаттың Хан сарайындай зәулім үйінде қонақта отырдым ...

  Осы жасыма келіп мынандай үй көрген болсам көзім шықсын . Қанша бөлме екені белгісіз, әйтеуір қып - қызыл ағаш есігі көп үлкен үй . Бір қызығы осындай кең үйде, апайым екеумізден басқа тірі жан көрінбейді . Бізді жеткізіп салған қара түсті көлік, сырт айналып сол мезет көзден ғайып болған . Есік алдында көлікті тінтіп шыққан екі жігітті көргенім болмаса ,басқа адам жоқ . Тек апайымның соңына түсіп үнсізғана еріп келемін . Ал кірген жерде әдемі мәрмәрмен қапталған кішігірім субұрқақ су шашып тұр . Астапыралла, деймін іштей қызығып . Үй ішінде де фонтан болады екен -ау.  Мынау үйме өзі ,әлде ресторан ба ? Ауылымдағы бір - екі байларды білемін . Кезінде солардың соққан үйлерін көріп аузымыз ашылатын . Ал мына үйдің қасында ол үйлер үйме , үй емес кішкене тауық қора сияқты . Адамда мұншама да байлық болады екен -ау . Мынандай үйде тұру деген ол арман ғой . Әттең Болаттың жасы тым болмаса отызда болған да еді . Ойланбастан тиіп алар ем . Мына сұлулығыммен менің оған мүмкіндігім мол . Мен өзіме сенімдімін ғой . Бірақ көп ойлап кеттім бе қалай ? Не болса да жамандыққа жорымайыншы . Тек жақсылық болғай деп тілейінші . Мына Алматы Болаттың уысында болса ,тез арада Болаттың өзі менің уысымда болады . Бұл дегенің алып Алматы алақанымда тұрады деген сөз . Ол үшін тап бүгін осы үйдің иесін қолыма түсірсем болды . Сонан соң менен асқан бай , менен асқан бақытты адам болмайды . Осылайша ой әлегімен зырғып отырып апайым Розаның соңынан ере бердім . Әне міне дегенше Болат отырған қонақ бөлмеге де жеттік . Үстіне ұзын ала халат киген Болатым бізді өте жақсы қарсы алды . Апайымды айқара құшақтап алған Болатым бетінен сүйді . Сонан соң ернінен шөп еткізіп сүйіп өтті де , маған қарап қолын созды . Қуанып кеткенімнен мен де қолымды ұсындым . Бірақ ол мені құшақтамады , ернімнен тіпті бетімненде сүймеді . Тек қолымның сыртын ғана сүйіп ,қанекей отырыңдар дегендей ишарамен үлкен үстелді көрсетті . Осылайша әңгімеміз аман саулықтан басталды . Апайыма туған күніңе сыйлығым болсын деп бір шиша коньяктың мойнын үзіп құйып үлгірді . Сонан соң тұрып тостты өзі сөйлеген Болатым бір рюмканы сіміріп тастап апайымның ерніне қайта жабысты . Мұндайды көру түгіл күтпеген едім . Ішімді ит тырнап іштей қызғанып тулап шыға келдім . Мына екеуінің  мұнысы несі деймін . Өзара әмпей -жәмпейі болса мені қайтеді деймін . Бірақ не болса да соңына дейін күтейін дедім . Тап қазір шу шығаруға болмайды . Мына үйден қуып шықса құрыған жерім сол емес пе , үнсіз ғана отырып әңгімелерін тыңдай бердім . Сондағы түсінгенім мынау болды . Бұл екеуі бұрынғы баймен қатын яғни бұрынғы ерлі - зайыптылар .Анау апайымның ертіп жүрген кішкентай қызы осы Болаттың қызы . Бірақ тап қазір бірге тұрмайды . Сол үшінде апайым қызымды алып ауылға кетемін, бұл жер қауіпті дейді . Ал Болат оған түбегейлі қарсы , кетпейсің дейді . Мына кафенің ақшасын осы апайым алады . Болаттың кафедегі сенімді өкілі осы кісі . Ал кафенің негізгі иесі басқа адам . Түрік  немесе ұйғыр ұлтының азаматы . Тек қазақ емес өйткені Сервар деген қазақта ат жоқ . Әйтеуір жатқан шырмауық өмір . Шым - шытырман жұмбаққа толы өмір . Бәрінен де апайымның үрейі басым . Үйге қайтамын мені босат , тым болмаса қызыңа жаның ашысын , аяшы дейді . Оған Болат қарсы  , жібермейді . Алла қаласа бәрі жақсы болады ,маған сенші Ордаға барғанда не істейсің?- дейді .Ойбай ! Мына сөзден соң шошып түстім .

Төбе шашым тік тұрып денем қалтырап кетті . Не дейді , Орда дейме ? Сонда менің Роза апайым Орданікі болғаныма ? Өз жерлесім екен ғой . Мен онда құрыдым . Орда деген кішкентай қала . Сондағы кіші ағам естісе күнім қараң . Айшаны өлдіге санай бер . Қысқасы менен маза кетті . Өзара келісе алмаған екеуі сол ерегіспен сыртқа кетті . Айқай шу үдеп ушыға берді . Соңында шойын шапалақ шарт етті . Апайымның сен айуансың деген жан дауысы шықты . Осымен менің шаруам бітті . Басыма торға түскен торғайдың күні туды . Жүрегім айнып көзім қарауытып кетті . Тұра қашқым кеп орнымнан атып тұрдым . Бірақ ...бірақ енді бәрі де кеш болды . Ентіге басып қайта кірген апайым мені құшақтай алды .Көз жасын көл ғып тұрып еңіреп берді . Соңынан кірген Болатым қалтасына бір бума көк қағаз салды . Осылайша” қош бол “деп қош айтысып апайым кете барды . Соңынан көз жүгіртіп мен қала бердім . Адам сияқты қоштасып, шығарып салуға шамам жетпеді . Тұрған жерімде ,қаққан қазықтай қатып қала бердім . Осымен төрт айда туған тәтемдей боп кеткен, Роза апайым көзден ғайып болды . Менің болса Болаттың төл тоқалы болған өмірім басталды ...

  Тап мына көрініс көз алдымнан көпке дейін кетпей қойды . Апайымның соңынан шығып кеткен Болатым сол түні үйге оралмады . Қарасы батқырдың қарасы батып қайтып келмей қойды . Мен болсам дәу бөлменің ішін әрі -бері кезіп жүре беріп  қатты шаршадым . Түн ауғанда ұйқыға бас қойып ертесіне бір- ақ ояндым . Ал Болаттан сонда да хабар болмады . Не өлді деп қара қағаз келмеді . Не тірі деп ешкім сүйінші сұрамады . Қысқасы ішім пысып, мына үйді кезіп бөлмелерді ақтара бастадым . Құдай- ау не жоқ дейсің мұнда . Жаныңа қажеттінің бәрі бар . Тренажерный зал керек пе ? Ол да бар . Бассейн керек пе ? Ол да бар . Онан қалса су бұрқаққа дейін бар . Тіпті жоқ дегеннің өзі жоқ . Тек болашақ байым Болат жоқ . Құрығыр құрыды . Ол келмей қойды . Мен күтуден жалықпадым. Үлкен үйдің ішін аралап қаңғып жүре бердім . Міне , мұнда тағы да бір есік бар . Ашып көрейінші , кім бар екен ? Өйткені ішінен жәй ғана әндеткен дыбыс естілді . Сонда бұл кім болды екен ? Әлде музыка ойнап тұрған магнитофон шығар . Жақындап кеп тұтқаны басып көрдім . Ашық тұр . Бар күшіммен итеріп кеп жібердім де кіріп бардым . Міне қызық . Мен күтпеген жағдай , көріп қаттымда қалдым ...

   Есікті ашуына аштым -ау ,іште ыңылдап жүрген өз анам қатарлы келіншекті көргенде қатты қорқып кеттім . Орысша қазақшаны араластырып өз -өзімен сөйлесіп болып жүр .Басын бір иығына қысып алған, әңгімені соғып мені елейтін түрі жоқ . Құдай -ау сырттан қарағанда мынаны жын ұрған ба дерсің . Бірақ олай емес сияқты оң иығымен басының ортасында бірдеңесі бар ғой. Әне , әне шошайып шығып тұрған антеннасы бар . Бұл не сонда ? Бұл кіммен , қалайша сөйлесіп жүр ? О тоба мынауың кәдімгі телефонның тұтқасы ғой . Ия , ия кәдімгі телефонның тұтқасы . Сонда деймінда , телефонның өзі қайда ? Мұндайды теледидардан көргенім болмаса о заманда ,бұ заман көзіммен көрген емеспін . Аузым ашылып қаттым да қалдым . Не дерімді білмей біраз тұрдымда шығып кетуге есік жаққа бұрылдым . Алайда табалдырықта тұрған еңгезердей жігітті көргенде зәрем қалмады . Ол аздай оның соңынан тағы да сондай екі жігіт бас сұқты . Қысқасы мен шығып қашатын тесік қалмады . Ал табалдырықта тұрған дәу қара енді ішке кіріп ,жалынышты жанарыма тесіле қарады да ұзын үстелге отыр дегендей саусағын шошайтты . Сонан соң сол үстелдің бір бұрышына өзі жайғасты . Оның соңынан ерген екі нөкері де ,сондағы бір -бір отырғышқа жайғасты .Сонда ғана анау әйел тұтқасын тастап біз жаққа қарады . Мені көргенде басымнан төмен қарап көзбен тінтіп шықты да таза қазақшамен әңгімеге көшті .

 - Атың Айша ма?- дейді . Апырай бұл менің атымды қайдан біледі ? Өмірімде алғаш рет көріп тұрмын ғой . Не дерімді білмей :

 - Ия ,атым Айша -дедім .

 - Қайдан боласың ?-деп сұрады , іле шала сөзін жалғап .

 - Ордадан боламын , Қызыл Орданыкімін- дедім мен де .

 - Мм -деп барып мырс еткен мына келіншек қайта сөйлей бастады .

 -  Сұлулығыңа сөзім жоқ , бірақ тым жас екенсің . Сен жайлы Болат қоңырау соғып жаңа ғана айтқан . Менің атым Ханымша . Мен осы Болаттың аспазшысы боламын . Осында жұмыс істегеніме төрт жыл болды . Болат маған өзіне сенгендей сенеді . Ал мына жігіттер осы үйдің күзетшілері . Демек сенің , менің , Болаттың өміріне жауапты жігіттер . Сен болсаң , енді осы үйдің болашақ иесісің . Саған ол жайлы тамақтанып болған соң бәрін түсіндіріп беремін . Сені жалғыз қалмасын деп Болат маған тапсырған . Өзі келгенше мен осында боламын . Алла қаласа ертең азанда өзі де келіп қалар . Шұғыл шаруаларымен кеше шет елге ұшып кетті . Оның жұмысы сондай , бүгін түскі асты осында жесе, кешкі асты Лондонда жеуі мүмкін . Ол жайлы кейін сөйлесерміз .Қане отырғышыңды тартып жақынырақ отыр . Тамақ жейік . Сонан соң жақыннан таныса жатармыз- деп үстел үстіндегі жапқышты тартып алды . Сол сәт сымсыз телефон тағыда безілдей жөнелді . Тұтқаны көтерген аспазшы келіншек тағы да сол бұрынғысына басып , қазақша орысшасымен сөйлесе бастады . Түсінуімше бұл қоңырау соғып жатқан сол  Болат . Менің Болатым .Ал әңгімелері болса анық мен жайлы өрбуде .Оны мына келіншектің қайта - қайта маған қарап төбемді көкке жеткізбей мақтап отырғанынан аңғаруға болады . Ия , ия осында ас ішкелі жатырмыз деп отыр . Сонда Болат неге өзіммен тікелей сөйлеспейді ? Не үшін өзімнен сұрамай мына аспазшыдан сұрауы керек ? Негізінде мен оның жары болатын болсам бұл жәйғана аспазшы ғой . Тіпті тоқалы болған күнде де мына қатыннан статусым жоғары болмақ . Міне осыны ойлағанда қызғаныш деген қызыл ит ішімді күйдіріп өтті . Қап тұра тұр бәлем ! Ертең ақ Болат келсін сосын сенің анау жалбыраған шашыңды жұлып қолыңа ұстатармын . Тапқан екенсің тым жас қызды . Тіпті осы күнге дейін апайым боп келген Роза қатынменде сөйлесермін . Көрсетейін мен бұларға . Жап - жас деп менсінбейдіғой тегі . Жас болсамда мен Болаттай бай бақуатты еркектің қатыны боламын . Сонансоң қара да тұр . Менің кім екенімді сонда білесің сен қатын ...Осылайша өз ойыммен арпалысып отырып не жеп ,не қойғанымды да білмедім . Қызғаныш па ,әлде қуаныш па түк түсінсем бұйырмасын . Әйтеуір тамақ ішкенімді білемін . Құдай- ау не жоқ дейсің мына үстелде . Тіпті түсіңе кірмеген , өміріңде көрмеген , аты жөнін білмейтін тамақтар тұр . Міне байлық саған . Басыңа бақ қонды деген осы болар . Азаматтың байлығы ,Болаттың байлығының алдында байлықпа ?  Сорлы еркек қолымды сыртынан сипатқаныма жиырма бір мың теңге беріп еді . Құшақтап бауырына басқанда жүз мың теңге беріп еді .Сол түні барымды сыйлағым кеп мойнына өзім асылып едім . Алайда қолынан келмеді ме әлде шыныменде аядыма түкте істемеп еді . Бұл мені құдайдың сақтағаны шығар . Барымды Болатқа бұйыртқысы келгені шығар . Сол түні Азаматтың арымды аттамағаны қандай жақсы болған . Ал Болаттың құшағында жатып асылымды сыйласам , мынаның бәрі менікі болмақ . Қысқасы мен бақыттымын . Мен баймын . Осыншама дүниенің бәрі менікі . Ия, ия менікі . Әттең жас үлкендігі болмаса басқа кедергі жоқ . Бұл менің сол кездегі армандаған ойым еді . Тамақтарын ішіп болып ас қайырған дәу қарамен екі қосшысы беттерін сипап өз жөндеріне кетті . Сонан соң асхана ішінде аспаз келіншекпен екеуміз ғана қалдық . Ендігі әңгімеміздің бәрі Болат жайлы өрбіді . Аспазшының айтуынша өте жомарт жігіт . Бұрын үйленген бірақ ажырасқан . Мына зәулім Хан сарайындай үй өзінің жеке үйі . Ал жеңіл машиналарын санаудың қажеті жоқ . Өйткені сан жетпейді . Тіпті оқ өтпейтіндей темірден қапталған машинасы бар . Ал былайша көлікті жаңасына ауыстыру Болат үшін жәй аяқ киім ауыстырғанмен бірдей . Өзі отбасындағы төрт ұлдың үлкені . Алматыға алыс аудандардың бірінде анасы тұрады . Әкеден жастай айрылып әкесіз өскен . Тек жұмысы жайлы ешқандай ақпарат жоқ . Оны мына төрт жылдан бері осында жүрген аспазшы да білмейді . Білетіні өңшең дөкейлермен бизнесмендер, тіпті шенді полицейлерге дейін Болатпен ақылдасуға келеді . Өйткені Болат ,апайым айтқандай Алматыны алақанында ұстап тұрған жігіт . Мүмкін бұл мен үшін Алланың жіберген тосын сыйы шығар . Қысқасы осындан соң ,мен Болатты тағатсыздана күттім . Түнімен бөлмемдегі терезеден қақпа жаққа қарайлаумен болдым . Тәтті қиялмен тентіреп жүріп көз ілмей таң атырдым . Аспазшы айтқанындай күн шыға үй алдына дәу қара машина тоқтап алдыңғы есігінен бір жігіт секіріп түсіп жатты . Оны көргенде көзімді уқалап жіберіп перде артынан үңіліп жақындай түстім . Жо - жоқ бұл менің Болатым емес . Бұл басқа біреу . Жан- жағына қарап алған әлгі жігіт енді барып машинаның артқы есігін ашты . Сонда ғана жәймен түсіп жатқан қолында дипломаты бар екінші біреуді көрдім . Көрдім де қуанып кеттім .Төбем көкке екі елі жетпей қалды . Қуанышым қойныма сыймай кетті .

Кенеттен әлгі күзетшілердің бірі жүгіріп кеп Болатпен сөйлесе бастады . Бірер минуттан соң Болат үйге кірді . Мен барып төсегіме жата кеттім . Қамсыз ұйықтап жатқан Ханшайымы боп көрінгім келді . Біраздан соң тақылдаған аяқ дыбысы жақыдай түсті . Әп сәтте аяқ дыбысы бөлмеге жетіп келді . Қисая жатып көз жүгірттім . Ол енді қолындағы дипломатты тастай сала сыртқы киімін шеше бастады . Онан соң айна алдына барып қып - қызыл галстугін шешті . Онан костюм шалбарын шешті де душқа кіріп жоқ болды . Осы сәт айна алдында тұрған телефон шырылдап қоя берді . Менде осы дыбысқа оянғандай керіле созыла орнымнан тұрдым . Телефон дауысын естіген Болатым душтан атып шықты . Осылайша өмірімде алғаш рет жалаңаш еркектің бейнесін көрдім . Тығыршықтай денесімен бөлек - бөлек бұлшық еттерін көргенде журналдан ғана көретін әдемі жігітті көргендей болдым .  Бойымды қорқыныштан көрі қызығу билеп жәй басып  жақындай түстім . Осылайша ол телефонға жабысты . Мен оған жабыстым . Арадан бірер минут өткенде мен оның құшағында жаттым . Ол мені құшақтап алып аймалап тамағымнан сүйе бастады . Онан жәйімен төмен түсіп тығыршықтай қос анарымның ұшын кезек кезек сора бастады .Менде қарап қалмадым . Қою қара қалың шаштарының арасына қолымды жүгірттім . Бойымды билеген белгісіз тылсым күштен есімнен айрыла бастадым . Қымбат әтірдің иісі мұрнымды жарып көкейімді тесіп өтті . Қорқу дегенді мүлдем ұмытып құшырлана сүйіп қапсыра құшақтап алдым . Ерніне сүлікше жабысып қос аяғыммен айқастыра қысып алдым . Осылайша он сегіз жыл сақтаған асылымды Болатқа сыйладым ...

Жалғасы бар...