Ибрагим Нұрпейіс Кенжеғалиұлы
Болған оқиға желісімен
1986 жылдың желтоқсаны. Ауылдағы Мәдениет үйінің қора есігіне сүйенген Жұмабай көз жасына ерік беріп дауыстап жылап тұр. 9- май мерекесіне сыйлыққа берген транзисторын тыңдап отырып Азаттық деген радиодан желтоқсан оқиғансын естіп келген еді.
Кеңсе мен Мәдениет үйі қарама қарсы орналасқандықтан адамдар жұмысқа тапсырма алуға жиналатын. Жұмабайдың бұрын соңды көзіне жас алып жылағанын көрмеген адамдар, ау Жұмеке не болды деп ентеледі. Айналайын, балаларым мен қыздарымды итке талатып, шашынан сүйреп сабап жатқанда мына жерде дәрменсіз жүргеніме күйінемін. Үш лагердің аққұлақтарын тырп еткізбей ұстап едім, енді солардың бауырларымды қорлағаны өтіп барады, жас кезім болғанда қол жинап көмекке мен жетер едім деді. Жұмеке қалың солдатқа не істеуге болады деп, бір кісі жұбатқан болып жылыстай берді. Бұл Жұмабайдың көп қиындықтардан бауыры сыр беріп жаралы жолбарыстай ауру меңдей бастаған кезі еді.
Дереккөз: el24kz