Ақтөбеде 28 жастағы келіншек лифт ішінде қаза болды
Қайғылы оқиға кеше 12 ықшам ауданында болған. Өзінің 3 жастағы қызымен лифтке мінген 28 жастағы Айзат Әбдісаматтың аяғы есікке қыстырылып қалған.
Қайғылы оқиға кеше 12 ықшам ауданында болған. Өзінің 3 жастағы қызымен лифтке мінген 28 жастағы Айзат Әбдісаматтың аяғы есікке қыстырылып қалған.
«Кеше жедел жәрдемге шақыру түсті. Лифтіде бала мен келіншек болған. Қалай екені белгісіз, есік жабылып, келіншектің аяғы есікке қыстырылып қалған. Біз барғанда аяғы кесіліп, қаза болған. Баласы ауруханаға жеткізілді. Ол дін аман»,- деді Ақтөбе қалалық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева. Айта кетейік, Айзат Әбдісамат жергілікті «Ақтөбе» телеарнасында таңғы бағдарламаны жүргізіп, балалар бағдарламасын ашқан.
Бүгінгі таңда Айзат Әбдісаматтың оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. «4 сәуір күні кезекші бөлімге тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде адам мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Сапасыз салынған құрылыс» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады облыстық ІІД
баспасөз қызметі.
Дереккөз: ҚазАқпарат