Ташкент мемлекеттік заң университетінің студенті емтиханнан құлап, оқудан шығып қалғанын ата-анасынан бір жыл бойы жасырып жүрген.

Туыстары біліп қойған соң, ол өз-өзіне қол салған. 2016 жылы Ташкент мемлекеттік заң университетіне оқуға түсіп, бірінші курс соңында оқудан шығып қалған жасөспірім Ташкент қаласы Мирабад ауданындағы өз үйінде асылып өлді. Бұл туралы оның бұрынғы курстастарының бірі хабарлады. – Ж.Ю. ағылшын тілінен емтихан тапсыра алмады. 

 
Ақыры оны оқудан шығарды. Біздің университетте қорытынды емтихан ақылы өткізіледі. Көп ақша керек. Марқұм студент ақша таба алмады. Шетел тілі курсына бара алмады. Екінші курс студенттері IELTS тапсырып, 6,5 ұпай жинауы тиіс, – деді студенттердің бірі. Марқұмның тағы бір курстасының айтуынша, Ж.Ю. оқудан шығып қалғанын ата-анасынан бір жыл бойы жасырып келген. Туыстары шындықты біліп қойған соң, ол өзіне қол салған болуы керек деп топшылайды марқұмның курстастары. Ректордың орынбасары өзіне қол салған бұрынғы студент туралы естімегенін айтты. Бұған қоса, ол аталған жоғарғы оқу орнында емтихан ақылы деген студент сөздерін жоққа шығарды. Дереккөз: