- Он что в заложника взял кого да?
- Да, деда взял в заложника, деду наверное лет 80.
- Деду плохо стало. Начал падать. Он его начал поднимать.
- А, они со всех сторон на него налетели.
Бұл оқиға куәгерлерінің болжамы. Тал түсте түзеу мекемесінен қашқан қылмыскер жұртты әбден әреге салды. Бой тасалап жүргенде оның ізіне полицейлер түскен. Амалы қалмаған ол 80 жастағы қарияны кепілдікке алып пышақтамақ болады.
Аса қауіпті қылмыскердің қашып кетуі түрме қызметкерлері мен Степногор тұрғындарын да дүрліктірді. Ресми орган өкілдерінің мәліметінше тәртіп сақшылары 26 жастағы қылмыскерді құрықтау үшін ауқымды операция жүргізген.
Көп ұзамай қауіпті қылмыскер құрықталды. Түзету мекемесіне қайта барғысы келмеген ол, алысқа ұзай қоймапты. Себебі, қаланың шыға беріс барлық бекеттеріне күшейтілген күзет қойылған. Қаскөйдің арам пиғылы жүзеге аспады, оқиға орнына жедел жеткен арнайы топ оны ұзақ уақыт аялдайтын тұрағына алып кетті. Енді, ол жазасының үстіне тағы жаза арқалайды.
«Жүргізілген іс-шара барысында Ішкі істер органдары қызметкерлерімен абақтыдан қашқан сотталушы қайда бой тасалап жүргені анықталды. Кеше 19 сағат 30 минутта Степногор қаласында ұсталды. Арнайы іс шара барысында қылмыскер сол маңдағы авто тұрақ күзетшісін кепілге алды. Бірақ, полицейлердің дер кезінде әрекет ету арқасында тұрғын босатылды» - дейді Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Гүлнәр Пинчук.
Қорғалжын ауданының тумасы 26 жасар Ерболат Қасенов жазасының оннан бірін де өтемеген екен. Қылмыстық кодекстің 3 бірдей бабы бойынша істі болған ол енді жақын арада абақтыдан босауы екіталай.
Елімізде түрмеден қашу оқиғасы оқтын оқтын тіркеліп тұрады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері колониялардан 4 қылмыскер қашқан. Бірақ, барлығының ізі кесіліп, қайта құрықталыпты.