Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге қастандық жасады деген күдікпен ұсталған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновтың берген түсініктемелері бір-біріне қайшы келуде.
Бұған дейін Нұрлан Қиясов «Денис Тенді ұрмадым, пышақ салмадым, жәй ғана қарап тұрдым» деп мәлімдеген болатын.
Кейінірек екінші күдікті Арман Құдайбергенов спортшыға екі рет пышақ салғанын мойындады. Алайда, бетпе-бет кездесу барысында Нұрлан Қиясов пышақты өзі салғанын мойындады. «Күдіктілердің ауыр қылмысты бір-біріне сілтеуі бүгін ашылған жаңалық емес.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын, қай күдіктінің пышақ жұмсағанын толық анықтауға мүмкіндік беретін сараптамалар жүргізіп жатырмыз.
Екі күдіктінің түсініктемелері бір-біріне қайшы келіп тұр, нақты сараптамалардан соң пышақтың кімнің қолында болғанын нақты анықтаймыз», - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Денис Тен өлімін тергеу туралы арнайы брифингте.