Қазақстанда көліктердің бағасы көтеріліп кетуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, құнның шарықтауы валюта бағамына тікелей байланысты болмақ. Бұл туралы kaz.altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZхабарлайды.
"Меніңше, 2019 жылы көліктердің бағасы міндетті түрде көтеріледі. Ресми тіркелген алыпсатар мекемелердің барлығы утилизация жарнасының ықпалына жығылады" , – дейді "Меркур Авто" компаниясының менеджері Нұржан Марзумов.
Ал қазақстандық автокәсіп ассосациясының баспасөз хатшысы Ангелия Синева отандастарымызға көлікті қазір алып қою қажет екенін айтты.
"Егер кімде-кім көлік алғысы келсе, дәл қазір қимылдасын. Әйтпесе, алдағы уақытта валюта тұрақталмай, құбыла берсе, алыпсатарлар мен көлік шығарушы мекемелер бағаға қатысты мәселелерді қайта талқылауға мәжбүр болады. Сонда баға көтеріліп кетуі мүмкін", – деді ол.