Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. 

Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 
 
Қазақстан Президенті Сирияда ИЛ-20 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан Ресей әскери қызметшілерінің қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты. 
 
Көшбасшылар алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Тәжікстанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына  дайындық барысын қарастырды 



                                                                   
 Дереккөз: ktk.kz