Сим-карта арқылы жасырын сөйлесуге мүмкіндік бар. Арадағы әңгімені де, жазысқан хаттарды да ешкім тыңдап, көре алмайды.
Англиялықтар ешкім тыңдай алмайтын, иесіне қауіпсіз сим-карта шығарды. Brass Horn Communications деп аталатын стартап жобасының шығарған сим-картасы арқылы жасырын сөйлесуге мүмкіндік бар.
Арадағы әңгімені де, жазысқан хаттарды да ешкім тыңдап, көре алмайды. Бұл жобаның негізін қалаған Гарет Левелин сим-картаны саудағы шығарып қана қоймай, мұқым Англияны қамтығысы, тіпті шет елдерге шығарғысы келеді.
“Ең әуелі ерекше сим-картаны журналистер, информаторлар және басқа да өмірі қауіп-қатерге толы мамандық иелері ұстаса”, дейді өнертапқыш. Айта кетейік, бұл жоба TOR технологиясының арқасында іске асқан. Ал аталмыш технология Android-тың базасында жуықта ғана пайда болды.
Дереккөз: altaynews.kz