Көңілді тапқырлар клубы Ақтөбе құрамасының экс-капитаны Данияр Әлімбаевты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. 32 жастағы азаматтың қазасына Сыздықов кінәлі деп танылып, 15 жылға түрмеге жабылды. 

 
Ал оның сыбайластары "Бұзақылық" бабы бойынша екі жылға сотталған. Бұдан бөлек марқұмның әйеліне моральдық шығын ретінде үш миллион теңге төлеуге міндеттеледі. 
 
 23 жастағы Сыздықовтың анасы баласының ауыр жазаға кесілерін күтпесе керек, ол үкімді естіген бойда сот залында есінен танып құлады. Адам өлтіргендер түрмеге жабылуымен қатар марқұм Данияр Әлімбаевтың отбасына 3 жарым млн. теңге моральдық өтемақы беру міндеттелді. 
 
Дегенмен қаза тапқан жігіттің жақындары үкім тым жеңіл деп есептейді. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмек. Еске салайық, қанды оқиға 21 шілдеге қараған түні болған. Әлімбаев төбелес болып жатқан жерге кездейсоқ тап болып, аяғынан екі рет пышақ сұғылған. Ауыр жарақатынан көз жұмды.

                                                                                                                                                                                              Дереккөз: ktk.kz