Шымкентте жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан полиция қызметкері мерт болды. 

 
Тағы бір полицей жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 
 
Бұл туралы Stan.kzке сілтеме жасап el24kz  хабарлайды. 
 
Оқиға 14 қарашада Темірлан тас жолында орын алған. Toyota Camry көлігі жолдың жаяу жүргіншілерге өтуге рұқсат етілген бөлігінен кесіп өтпек болған екі полицейді қағып кетті. 
 
Зардап шеккен екі полицей туыс болған. Апат салдарынан "Еңбекші "аудандық полиция бөлімшесінің 1984 жылғы инспекторы оқиға орнында мерт болды. Ал 32 жастағы әскери қызметкері ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
 
 Toyota Camry көлігін тізгіндеген 1998 жылғы Атырау тұрғыны тұтқындалды. «Тұтқындалған жүргізуші ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына (Жол қозғалысы ережесін бұзып, салдарынан абайсызда адам өліміне әкелу) сәйкес айыпталуда», – дейді Шымкент тергеу сотының сот төрағасы Сержан Тоқтасынов.