Тәжікстан әлемнің 124 елі ішінде интернет жылдамдығы ең нашар ел болып танылды.
Ookla компаниясы әзірлеген Speedtest Global Index рейтингісі бойынша, Тәжікстан ең соңғы тізімде, - деп жазады Сentralasian.org.
Рейтингте Тәжікстан Ауғанстан, Ирак, Алжир және Венесуэла елдері қатарында. Орталық Азия елдері ішінде мобилді интернет жылдамдығы жағынан Қазақстан - 74, Қырғызстан - 94 және Өзбекстан 110-орында.
Сонымен бірге желілік интернет жылдамдығы бойынша да рейтинг жасалынған. Бұл тізімде Тәжікстан жоқ. Қазақстан мұнда 58-орында болса, Қырғызстан - 79, ал Өзбекстан 112- позицияға түсіп қалған. Екі апта бұрын Тәжікстанда Facebook, Одноклассники әлеуметтік желілері мен Youtube порталы бұғатталған.
Билік сонымен бірге Viber, What's App және Telegram хат алмасу құралына шектеу қойған. Тәжікстанда биыл "Терроризммен күрес жөнінде" заң жобасы қабылданды. Заңға сәйкес, құқық қорғау органдары өкілдеріне телефон байланыстарын, интернетті шектеуге құзырет берілді.
ktk.kz
ktk.kz