Жезқазғанда ер адам жұмысына кетіп бара жатқан мұғалімге шабуылдады. 

 
Оны күрекпен ұрып, пышақпен жарақаттаған. Оқиға 29 желтоқсанда болды. Ер адам мұғалімнің кеудесін пышақпен жаралап, күрекпен ұрады. 
 
Мұғалім қарсыласа алмай қалғанда, ер адам ол жерден кетіп қалады, деп жазады ИА “NewTimes.kz”. Жаяу жүргіншілер жедел жәрдем мен полиция шақыртады. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді.  Күрек пен пышағы тәркіленді. Оның не себепті шабуылдағаны белгісіз. “Бізде ешқандай нұсқа жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталды. Ол шынында да мұғалім. Қаладағы мектептердің бірінді жұмыс істейді”, – дейді қалалық білім басқармасындағылар. 
 
Дереккөз: Stan.kz