Оқиға орнында блогер Денис Кривошеев жүр. Ол өзінің  білген ақпараттарымен Facebook-тегі парақшасында бөлісіп жатыр.

Ол ұшақ 2013 жылы қолданысқа енгізілген. Ешқандай ақау болмаған. Барлық тексерістен өткен. Ұшақ командирі аман. Ұшақта болған 100 адамның 82-сін құтқарған.

Алдын ала болжам бойынша зардап шеккен 6 адамның үшеуі – бала, - деп жазды Кривошеев.

Оқиға орнынан видео таратуға тыйым салынды. Оқиға орнына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев барды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. 

 

Baq.kz