Алматы маңында Bek Air әуе компаниясы ұшағынаның апатқа ұшырауы салдарынан қайтыс болғандардың саны 14 адамға жетті.
Басылымның мәліметінше, Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына 8 бала бірнеше жарақатпен, Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға 5 адам өте ауыр жағдайда жеткізілген.
Тағы 5 адам әртүрлі жарақатпен Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына түскен.
№4 қалалық клиникалық аурханаға 17 науқас ауыр жағдайда жеткізілген. Айта кетесек, бұған дейін 9 адамның қайтыс болып, тағы тоғызы жарақат алғаны хабарланған болатын. Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.