Анонимді берсеңіздер екен. Сәлеметсіздерме! Ақыл-кеңес сұрағым келіп отыр. Сөкпеңіздерші бірақ. Жасым 21-де. Өзімді қатты жақсы көрген жанға тұрмысқа шықтым. Тойымыз қте есте қалардай өтті. Киемін дегенімді алып берді, бірге тұрған 5 айдың ішінде бар жағдайымды жасады. 

Күйеуімнің жасы 27-де. Өте тік мінез, қырсық, бірақ иманды жан. Орамал тағып жүр ахиретім үшін дейтін. Ақылын айтатын. Жалғыз мамасы ғана бар. Мамасында сыйлайтын. Бірақ мен қатты ерке болдым, барып оғанда еркелігімді көрсеттім, кішкентай ұрыс болса кетемінге салатынмын.



3-4 рет қайталанды. Соңғы айқай болғанда үйге қонбаған еді сол үшін ренжіп кетемін дегенде  неке сақинасын алып қалды да мінгізіп жіберді ауылыма. Ажырас деп отыр енді. Мамасы да ренжіп жазыпты кешірімге берген ақшалардың бәрін қайтарыңдар, маған эксперимент жасауға келген екенсің деп. Қарғап-қарғап дымымды қалдырмады. 

Кешірім сұрадым екеуіненде балалықпен істедім, барайын ұмыттыруға тырысайын осыларды деп кешірім сұрадым. Жоқ мазағың ба деп ұрысып берді өзіме. Енді ажырасуға дәтім бармайды. Қатты жақсы көремін. Қалай ұмытамын оны? Арада бала жоқ. Ұмытуға тырыссам ұмытып кете аламынба? Оның да жақсы көретінің білемін. Ашумен істеп отырма екен? Не істесем екен?