Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды -деп хабарлайды ҚазАқпарат қа сілтеме жасап kz.el24.kz
4 қаңтар күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды.
«Қазгидромет» мәліметіне сүйенсек, ауа сапасының ластануы Өскемен және Қарағанды (түнде) қалаларында күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.