Қазақстанда коронавирусты жұқтыру алдымыздағы апта тіркеледі  деген ғалымдарымыздың болжамы орындалмауы мүмкін екенідігі айтты денсаулық сақтау министрі Біртанов. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияның тіркелген жағдайларының жоқтығы туралы кезекті рет мәлімдеді.

 

"Бүгінгі таңда Қазақстанда бұл аурумен байланысты жағдайы тіркелген жоқ!"- деп жазды ол Facebook парақшасында.

Бүгін Қазақстанның бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин ғалымдардың болжамы бойынша елімізде коронавирусты жұқтыру осы аптада тіркелуі мүмкін деп мәлімдеді.

Әлемде коронавирустық инфекцияның таралуы 115 елді қамти отырып, кең ауқымға ие болды. Олардың арасында біздің жақын көршілеріміз, сондай-ақ бізде тікелей әуе қатынасы бар елдер бар. Біз сыртқы әлемнен толығымен оқшаулану мүмкін еместігін түсінеміз. Және инфекцияның біздің елге енуін жоққа шығармаймыз. Алайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі елде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауда", - деп атап өтті денсаулық сақтау министрі.

"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Бекшиннің коронавирустық инфекцияның пайда болуы туралы айтқаны ғалымдардың статистикалық үлгілеу әдісімен жасалған болжамы ғана болып табылады", - деп түсіндірді министр.

"Деректер әртүрлі сыртқы факторларды ескере отырып үнемі өзгеретінін атап өткен жөн. (... Сонымен қатар, біздің ғалымдарымыздың болжамы дұрыс болмауы мүмкін", - деп атап өтті Біртанов.