Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді деп хабарлайды Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"ның басшысы Гүлмира Абишева.
Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы аудандық ауруханада коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Екі науқас та 40 жастағы әйел.
Олар Жаңаөзен қаласында 8 сәуір күні вирус анықталған 1974 жылғы әйелмен байланыста болған. Осыған орай карантинге алынып, қаны мен ауыз қуысынан алынған сынамаға зертханалық сараптама жасалынған болатын.
Диагностикалық зерделеу нәтижесінде екеуінен де COVID-19 анықталды.
Бекітілген протокол бойынша ем шаралары жасалып жатыр.
Науқастармен байланыста болған азаматтар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды.
Індет аумағы залалсыздандырылып жатыр.
10.04.2020 жылғы ақпарат бойынша облыста 9 адамнан COVID-19 анықталды.
Ақтауда -5
Жаңаөзенде -2
Маңғыстау ауданында -2