Зейнеб Расулқызы

 

"Артур менің  ылғи бір əркетіме жиі  кейістік білдіреді. Артур ұғына алмайды.  Ол - адамдармен қоштаса алмауым. Доспен, бауырмен, əріптеспен қоштаса алмаймын. Араласқан адамдарымнан бірден  алшақтай алмаймын.  Əрбір адам - əрбір үн үшін, əрбір жылы сөз үшін мен күресемін. Дос болып қалу үшін барымды аямаймын. 

 Мен əлемге келгелі жарық  дүниені бір рет болса да  көрмегенмін.  Əрбір дыбыс, əрбір үннен өмірді танып келемін. Сау адамдарға оңай. Керек емес деп тапса, адамды санасынан сызып тастай салады. Біздер олай жасай алмаймыз. Психикамыз оған дəрменсіз. Сызып тастау үшін əрекеттендім. Ұмытқым келді.  Болмайды. Ол ұмыт болмайды. Қараңғыда күн кешу - іштен тыну. Тұншығу. Бір ғана дыбыс пен дауыс арқылы өмірді қабылдау. Жолыңды табу. Құлау. Құлаған да бір адам жылы сөз айтса, екінші рет құламауға өз-өзіңе серт беру. Сену. Қараңғылықта өмір сүріп, сенімге селкеу түсірмеу де азап. Жыл озған сайын сенім де түгесіледі. Адам қараңғы өмірге көндігеді. Қалай?  Дəл мен айтқандай. Дыбыс пен  үн арқылы".

"Зағип жандармен араласқандардың көбі біздің психиканы білмейді. Біз - тұрақтылыққа тəуелдіміз. Егер, өз үйімнің ішіндегі заттардың орнын бір сəтте ауыстырып тастаса, мен оны жеті айсыз қабылдай алмаймын.  Грузиядағы бір құрбым айтады. Жеті айға дейін қалай көндікпейсің деп. Ол - сау адам түсінбейтін нəрсе.  Адамдарды да солай. Бірден қош айтыса алмайсың.  Тұрақты қатынас - біздің өмір. Иə, өзгерістерге біз мүлдем қаухарсызбыз".

 Түрік тілінен аударған: Мейірхан Мейрамбекұлы