el24.kz Астана қаласының арнайы прокурорлары құрылыс компаниясы басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Тергеу барысында мемлекет тарапынан елордалық проблемалық тұрғын үй кешенін аяқтауға бөлінген бюджет қаражатының 2,1 млрд теңгесі жымқырылғаны анықталды. Қаражатты құрылыс компаниясының басшысы заңсыз иемденген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығынның бір бөлігі — 412 млн теңге қайтарылды.
Сот үкімімен кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысына байланысты коммерциялық ұйымдарда 10 жыл бойы басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Материалдық залал толық көлемде өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Аталған іс бойынша ресми ақпаратты Астана қаласының прокуратурасы ұсынды.
