el24.kz Бүгін Алматы қаласында белгілі ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері **Жүрсін Ерман**ның 75 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
Осынау мерейлі күн қарсаңында Мемлекет басшысы **Қасым-Жомарт Тоқаев**тың Жарлығымен Жүрсін Ерманға «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы берілді. Бұл — қаламгердің қазақ әдебиеті мен руханиятына сіңірген ұзақ жылғы еңбегіне берілген жоғары баға.
Аталған мәртебелі атақ бұған дейін де көрнекті қаламгерлерге табысталған. Олардың қатарында Төлен Әбдік (2023), Смағұл Елубай (2023), Бексұлтан Нұржекеұлы (2023), Софы Сматаев (2023), Ахметжан Аширов (2023), Любовь Шашкова (2023), Темірхан Медетбек (2024), Валерий Михайлов (2024), Исраил Сапарбай (2024), Марфуға Айтхожина (2025), Ғаббас Қабышов (2025) бар.
