el24.kz Украина президенті Владимир Зеленский France 2 телеарнасына берген сұхбатында 2022 жылдың ақпанында басталған соғыс барысында Украина Қарулы күштерінің қатарында қаза тапқандар саны 55 мыңнан асқанын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл көрсеткішке хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметкерлер кірмейді, олардың нақты саны әзірге белгісіз. «Шайқас алаңында қаза тапқан әскери қызметкерлердің ресми саны – 55 мың. Бұған хабар-ошарсыз кеткендерді де қосу қажет», – деді Зеленский.

Ашық дереккөздерге сүйеніп, қаза тапқандардың аты-жөнін тіркейтін тәуелсіз жобалардың мәліметі бойынша, 2024 жылдың ақпан айының басындағы жағдай бойынша Украинада 86 мың адам қаза тауып, шамамен 89 мың адам хабар-ошарсыз кеткен.

Сонымен қатар, шетелдік зерттеу орталықтары 2026 жылдың қаңтарына қарай қаза тапқан украиналық әскери қызметкерлер саны 100 мыңнан 140 мыңға дейін жетуі мүмкін деп есептейді.

Естеріңізге салсақ, 2024 жылдың маусым айында Ресей президенті Владимир Путин қаза тапқан ресейлік әскерилер саны украиналық тараптағы шығындардан бес есе аз екенін мәлімдеген болатын.