el24.kz Түркия Республикасынан Қазақстан Республикасының азаматы жасаған қылмыстары үшін жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадицияланды,-деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Қылмыскер алдау жолымен жәбірленушіні қылмыстық жауаптылықтан босату үшін 30 миллион теңге көлемінде пара беруге көндірген, сондай-ақ ресми құжатты қолдан жасаған.

Алқабилердің қатысуымен өткен сот үкімімен сотталушы пара беруге айдап салғаны, алаяқтық жасағаны және құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Бұл жағдай жасалған қылмыстар үшін сот төрелігінен жалтару әрекеттеріне қарамастан, қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпастығын көрсетеді.

El24.kz сайтының ақпарат көзі бойынша хабарланды.