Қазақстанда барлық азамат үшін тыныштық режимін сақтау уақыты бірдей болып белгіленді.
 
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылау кезінде «тыныштық режимін» сақтау мәселесі қаралды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігі туралы талаптарын сақтау мақсатында «тыныштық режимін» сақтау бойынша уақыт барлығы үшін бірдей болып белгіленді – жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10-ға дейін», - деді депутат аталған заң жобасы бойынша баяндамасында.
 
Тыныштықты бұзғаны үшін қанша айыппұл салынады: жеке тұлғалар үшін  – 5 АЕК немесе 13 890 теңге; шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін  – 20 АЕК немесе 55 560 теңге; орта кәсіпкерлік субъектілер үшін  – 30 АЕК немесе 83 340 теңге; ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін  – 100 АЕК немесе 277 800 теңге.

ktk.kz