Атырау өңірінде кеше коронавирус инфекциясынан тағы үш адам көз жұмды.

Үшеуі де Жылыой ауданының тұрғындары. Марқұмдардың туыстары жерлеу рәсімдері дұрыс ұйымдастырылмағанына шағымданған. Олар мәйіттерді зираттардың қасына көму туралы шешім күдік ұялатқанын жасырған жоқ деп хабарлайды kaz.nur.kz порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап

.

Марқұмның туысының сөзінше, оларды жалпы территорияға жерлеген. "Олай ететін болса күмән туып тұр. Онда мына кісі коронавирустан қайтыс болған жоқ.

Ол онда тек статистика үшін ғана жазып алды. Ковидтен өлді деп бізге айтты және бізге жіберіп тұр. Келдік. Не имам жоқ. Не санитарлық дәрігер жоқ. Жерлейтін адам да жоқ", - деп шағымданды ол.

Облыстық ішкі саясат басқармасы вирустан қайтыс болғандарға арнайы жер, жалпы қорымдардың шет жақтарынан бөлінгенін мәлімдеді. Олар бұны бас санитар дәрігердің қаулысымен жасалды деп түсіндірген.

Аудандарда да зираттардың шет жағынан орындар әзірленген көрінеді. Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, түсіндірме жұмыстарынан соң марқұмдардың бірінің туыстары қала маңында жерлеуге келісім берсе, екіншісі туған жері - Жылыой ауданына мәйітті алып кеткен.