Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
 
Осыған дейін түсіндірілгендей, келісімнің негізгі мақсаттары:
жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты шарттарда және тәртіппен ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағында еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру;
еңбекшілердің зейнетақысын тағайындауға және экспорттауға байланысты мәселелерді шешу; 
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
 
Келісім тұрғылықты мемлекеттің аумағында зейнетақы алу құқығын береді және тағайындалған зейнетақыны зейнеткерлер тұратын мемлекетке аударуды көздейді.