Елімізде бүгіннен бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізе алады. Аталмыш заңға Мемлекет басшысы 1-ші ақпанда қол қойды.
Жол сақшылары жүргізушінің жеке куәлігі арқылы барлық мәліметтерді электронды базадан тексере алады.
Аталған құжаттар болмаса да, әкімшілік айыппұл салынбайды. «Жол жүрісі туралы» Заңның 54-бабынан жүргізуші куәлігі мен техпаспортты көрсету міндеті алынып тасталды.
Қабылданған түзетулер шетелдік мемлекеттік нөмірлері бар автомашиналарға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алған адамдарға қатысты емес. Олар үшін жүргізуші куәлігін және техпаспортты көрсету міндетті.