Елімізде наурыз айынан бастап карантин талаптары жеңілдетіледі.
 
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі үкіметтік комиссия осындай шешімге келді. Мұндай жеңілдік жасауға елдегі вирус жұқтыру көрсеткішінің азайып келе жатқаны себеп болыпты - деп хабарлайды el24.kz порталы  ktk.kz ке сілтеме жасап.
 
Жеті күн бойы «жасыл» аймақта тұрған өңірлерде спорттық жарыстарға, 50 адамға дейінгі немесе залдың 30 пайызынан аспайтын жерлеу рәсіміне, бильярдтарға, балалардың жабық мекемедегі ойын-сауық клубтары мен цирктердің жұмыс істеуіне рұқсат. Жеті күн бойы «сары» аймақтағы өңірлерде базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтарына және сауда желілеріне жексенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат. Үш облыстан басқа барлық өңірде наурыздан бастап 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар сабаққа барады. Бірақ негізгі пәндер ғана оқытылады. Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарында білім беру мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылу фактілері көп тіркелуіне байланысты бұл өңірлерде мектептер әзір ашылмайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұсынысымен халықаралық әуе бағыттары артылады. Үшақтар қазіргі бағыттарға қосымша Түркияға 4, Өзбекстанға 4, Қырғызстанға 2 және Украинаға 1 рет артық қатынайтын болды.

https://www.ktk.kz/kz/news/video/2021/02/24/173341/