Петропавл Петропавлда анасынан аяусыз таяқ жеген үш жасар бүлдіршін ауруханада ес жимастан көз жұмды. Бас сүйегі жарақаттанған кішкентай Сашаның өмірі үшін дәрігерлер екі апта бойы күресті.

Қызды анасы ұрып-соғып, ес-түссіз жатқан кезде жедел жәрдем шақыртқан. Өкінішке қарай дәрігерлер бейкүнә сәбиді құтқара алмады. Қазір күдікті ретінде 1998 жылы туған анасы қамауға алынды. Сал болып туылған баланы ол  туысқандарына тастап кеткен.

Ал аталмыш оқиғадан бір ай бұрын өз қолына қайта алыпты. Қатігез әйелге «адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» бабымен іс қозғалған. Алайда бүлдіршіннің өлімінен кейін іс басқа бапқа ауыстырылады. Оның жазасы  да ауыр болмақ. Жанар Тәнішова, Петропавл қалалық ПБ аға тергеушісі: - Қыздың қайтыс болуына байланысты Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды. Онда 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қызды анасы ұрып-соғып, ес-түссіз жатқан кезде жедел жәрдем шақыртқан. Өкінішке қарай дәрігерлер бейкүнә сәбиді құтқара алмады. Қазір күдікті ретінде 1998 жылы туған анасы қамауға алынды. Сал болып туылған баланы ол  туысқандарына тастап кеткен. Ал аталмыш оқиғадан бір ай бұрын өз қолына қайта алыпты. Қатігез әйелге «адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» бабымен іс қозғалған. Алайда бүлдіршіннің өлімінен кейін іс басқа бапқа ауыстырылады. Оның жазасы  да ауыр болмақ. Жанар Тәнішова, Петропавл қалалық ПБ аға тергеушісі: - Қыздың қайтыс болуына байланысты Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды. Онда 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ktk.kz