Маңғыстау облысы . Карантиннің «қызығын» көруден Ақтаулық дәрігерлер де қалыспаған. Олар кабинетте отырып-ақ үстемақы алыпты. Коронавируспен күрес кезінде заңсыз ақша алғаны үшін енді жауап беріп жатыр деп хабарлайды ktk. арнасына сілтеме жасап el24.kz ақпараттық порталы.
Науқастармен тікелей жұмыс істемейтін кеңсе қызметкерлері 30 миллион теңгеден астам қаржыны өзара бөлісіп алған. Оқиға былтыр күзде болыпты. Облыс ауруханасындағы бухгалтер, кадр мен экономикалық бөлімінің 14 қызметкері мансабын асыра пайдаланып, өзіне тиесілі емес үстемақыны жаздырып алған. Бүгінде үш адамға қатаң сөгіс берілді.

Қалғанына қандай жаза қолданылатыны енді белгілі болады. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Иманмағзұм Шағырбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеушісі: - Кінәлі қызметкерлер сөгіс және қатаң сөгіс деген тәртіптік жауапқа тартылған.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заң бойынша үстемақы негізі медицина қызметкерлеріне көзделген.