Елдегі вакциналау науқанына бүгін президент те қосылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағандының фармацевтикалық зауытында құйылған ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынды деп хабарлайды ktk.арнасына сілтеме жасап el24.kz.
«Мемлекет басшысының екпеден кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай кері әсері болмады», - деді баспасөз хатшысы. Тоқаев бұған дейін отандық вакцинаны күтетінін айтқан болатын. Бірақ QazVac-тың әзір дайын болатын түрі жоқ.