Қызылорда қаласы Махамбет ауылында жоғалып кеткен 13 жастағы қыздың мәйіті табылды.
Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылында тұратын 2008 жылғы Бағдатқызы Замира есімді жеткіншек қыз 18 маусымда сағат 12:30 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.
Оны полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер іздеді. 20 маусым күні сағат 13:30-да жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Махамбетов ауылындағы Ширкейли суару каналынан қыздың денесін алып шықты.
“Операцияға ТЖД (3 қызметкер, 11 құтқарушы, оның ішінде 2 кинологиялық есеп және 2 бірлік техника, 3 су көлік құралы), полиция департаментінің (жеке құрамнан 180 адам және 30 бірлік техника, ІІМ №5547 әскери бөлімі, 100 адам, 4 бірлік техника) күштері мен құралдары және 10 волонтер жұмылдырылды”, – деді Қызылорда облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Ақпараттық дереккөз : ktk.kz