Отыз жастағы жігіт ішімдік ішіп, әкесінің жұмысына барған. Әке мен ұл арасында жанжал шығады.
Қостанай қаласында қарт ер адам ұлын балтамен ұрып өлтірді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды alau.kz.
Анықталғандай, 30 жастағы жігіт мас күйінде күзетші болып істейтін әкесінің жұмысына келген. Әке мен бала арасында жанжал шыққан. Салдарынан ер адам ұлының басынан балтамен ұрған.
Қостанай облысы полиция департаментінің ақпаратынша, 73 жастағы күдікті ұсталды.
Бұл факті "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр.