Әлеуметтік аз қамтылған борышкерлер енді ипотека қарызы үшін жалғыз баспанасынан шығарылмайды. Осы мәселе қарастырылған меморандумға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматы қаласының әкімдігі қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап el24.kz.
23 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы әкімдігі, Банк омбудсмені, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің ипотекалық қарызы үшін жалғыз тұрғын үйін алып қою және жалғыз баспанасынан шығару шараларын тоқтата тұруды көздейтін өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 12 ай бойы күшінде болады.