Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның көлігін ұрлау және өртеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
Жасалған қылмыс фактісі бойынша екі ер адам ұсталды, олардың бірі полиция бөлімшелерінде жергілікті қылмыстық топтың мүшесі ретінде есепте тұрған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап el24.kz. порталы.
Жәбірленуші өз арызында кешкі уақытта Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде белгісіз екі тұлға оны ұрып-соғып, "Опель-Вектра" көлігін айдап кеткенін көрсеткен. Ол қылмыскерлер келтірген шығынды бір жарым миллион теңгеге бағалаған.
Сондай-ақ полицейлер ұсталғандардың бірі олардың дерекқорында аймақтағы қылмыс әлемінің басшысы ретінде тіркелгенін анықтады. Бұған дейін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде есірткі қылмысы да бар.
“2015 жылы ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша 6 жылға сотталған”, - деді құзіретті орган.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың әрекеттері бөтеннің мүлкін ұрлау және қасақана жою, күш қолдану арқылы жасалған ұрлық деп сараланады. Кінәсі дәлелденсе, ер адамдар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.