Алматылық жігіт Шамалған станциясында Tik-Tok түсіремін деп істі болды.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабар таратты. «Темір жол бойында рейд жүргізген Шамалған станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 24 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.

Ол танымал Tik-Tok желісі үшін  жүріп бара жатқан поездың тепкішектеріне секіріп мініп,бейнеролик   түсірген», - дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев. Жас жігіт бұл қылығы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 560-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзу фактілерінің жолын кесу үшін көліктегі полиция департаменті 5-11 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. 5 күнде 28 қылмыс ашылды.

Сондай-ақ, 1192 әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 33-і ұсақ бұзақылық, 202-сі қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу, 110-ы көші-қон заңнамасын бұзу фаткілері бойынша тіркелді», - дейді департамент бастығы