Павлодар тұрғыны анасын үйінен қуып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл Павлодар облысының полицейлері отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 3800-ден астам жағдайды тіркеген. Тағы бір оқиға кеше болды.
Кешкі сағат 23.00-де қарт әйел полицияға қоңырау шалды, ол ересек ұлымен бірге тұрып жатқанын айтты. «Жұмыстан кейін ұлы мас болып келіп, қорлағанын, содан кейін оны пәтерден қуып шыққанын жеткізді. Мас баласы ұйықтап қалып, зейнеткер әйел үйіне кіре алмаған»,- деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қараңғы кіреберісте жалғыз қалған әйел қорқып кеткен. Сондай-ақ, онсыз да әлсіреген күйі баласына деген ренішпен одан әрі әлсірей түсті. Пәтерге келген полиция әжеміздің көзіне жас алып, халат пен тәпішкеде тұрғанын көрді.
Полицейлер 15 минут бойы есікті қатты қағып, ер адамға ашқызды. Үй иесі ақыры үйге кіріп, жылынды, ал оның ұлына қатысты тәртіп сақшылары ҚР ҚІЖК 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасап, оған сәйкес ер адам бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.
Мұндай әрекетке жол беруге болмайтындығы туралы полицейлермен сөйлескен ер адам қарт анасынан кешірім сұрады және болашақта бұндай әрекетке бармайтынына уәде берді. Ал, полицейлер бір-бірімен байланыс орната алмайтын туыстардың тәртіп сақшыларын көмекке шақыратын осындай фактілері күн сайын орын алатынын атап өтті.