Қазіргі уақытта жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақты дейді мамандар.

Атырау облысында дәрігерлер клиникалық өлім жағдайы тіркелген азаматтың есін жиғызды.

 Жылыой ауданының жедел жәрдем дәрігерлері науқасты тура мағынасында о дүниеден қайтарды. Оқиға Құлсары-Теңіз тас жолында болған.

29 жастағы геодезист жұмыс орнында өзін нашар сезініп, есінен танып қалады. Жедел жәрдем бригадасы дереу шақыртуға барды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамға клиникалық өлім диагнозын қойды.

Мобильді бригаданың фельдшерлері Азиз Шайхиев пен Қазына Орашева дереу көмек көрсете бастады. Медициналық манипуляциялар қолданылып ағзаның өмірлік функциялары қалпына келтірілді. Жедел жәрдем қызметкерлері атап өткендей, науқастың жүрегі жедел жәрдем көлігінде үш рет тоқтаған. Қазіргі уақытта жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақты дейді мамандар.

ktk.kz