Алматы облысында үйлену тойында төбелес шығарған жас жігіт қатты жарақаттан көз жұмды.
Ұйғыр ауданына қарасты Шарын ауылында тойға келген қонақтар арасында төбелес болды. Жанжал салдарынан кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған 26 жастағы азамат жергілікті ауруханаға жеткізіліп, есін жимай көз жұмды.
Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, төбелесті көрген соң мас күйіндегі ер адам төбелеске араласып, жәбірленушінің жүрегіне пышақ сұғып алған. Күдікті өз ісін мойындады. "Оқиға орнынан қылмыс қаруы табылып, қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру"бойынша жүргізілуде. Күдіктіге уақытша ұстау изоляторына қамауға алу санкциясы берілді", - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.