Сәлем «Сырласудың» оқырмандары !
 
АНОНимді берсеңіздер екен.  Сайттың «Кел сырласайық» тобына  тiркелгенiме көп болған жоқ ,байқағаным көпшілігі комментарий жазып белсенді атсалысып отырады екен. Менiн жасым 37- де ер адаммын, осында жазғаным дұрыс емес , бiрақ бiреулерге сабақ болса деген мақсатпен жазып отырмын. Отбасы бола  тұра басқа әйелмен журмесе екен деп.
 
Құдайға шүкiр бiр ұл, бiр қыз өсіріп отырған бақытты отбасымын. Үй - жай барлығын бар .Тұрақты жұмыс жасаймын , табысым да жақсы. Мендегі мәселе екi жылға жуықтап қалды , ажырасқан келiншекпен көңiл жарастырып жүрмiн . Оның жасы 25 те, 3- те және 4- те  , екі қызы бар.
 
Білмеймін неге екенін күнә екенін білсем де осы келіншекке байланып қалдым .Енді араласпаймын , бармаймын десем де« келмейсің ба ?»- деп шақырса барып қоямын. Енді екi қызы да  "әке" дейтiн болып жүр. Үйретіп қойғансың ба?- десем,  «жоқ өздері солай ойлайды» дейдi.
 
Оны менi пайдаланып жүр дейiн десем , осы уақытқа дейiн бiр ретте ақша жағынан көмек берген емеспiн ,сұрамайды да, өзiнiң табысы өзiне жетедi. Осымен журiстi доғарайық десем жылайды «саған бала -шағаңа зиянымды тигізбеймiн ,осылай жүре берейік сенi жаксы көремін »деп.
 
Күйеуге шығып ал деп те айтып көрдім талай рет, өзі әдемі сымбатты келіншек. «Енді күйеуге шыққым келмейді, шыкпаймын осылай өзiммен- өзiм жургенiм жақсы» дейдi.
 
Өзi бiр жылдай болды, ағасы үй салып берiп бөлек тұрады. Бiр күн болмаса, бiр күнi менiң әйелім бiлiп қалса қалай болар екен ?Әйелімдi жақсы көремiн , ештеңеден хабары жоқ , менен сезіктенбейдi, асты  — устiме тусiп жүреді. Кейде аяп кетемiн. Неге бұлай жасап жүрмiн ? Маған не жетпейді ?- деп өзiмдi жек көрiп кетемiн.
 
Соңғы кезде басым қатып қалды. Еркек әйелінен таппаған жылуды сырттан іздейді деп жатады , мен үшiн бұл бекер әңгіме екен...