Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті.

«Лаңкестердің арасында Полиция департаментінің ғимаратының жанында көпқабатты үйдің төбесінде ғимартқа оқ атқан снайпер де болды. Ғимартқа оқ атылды, жанатын ұнтағы бар бөтелкелер лақтырылды», – деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, Полиция департаментінің ғимаратын басып алуға лаңкестер 27 рет әрекет жасады. Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды.

Одан кейін Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға тағы да әрекеттенген. Полиция департаментінің басшысы Алматыда лаңкестер 1347 қару ұрлағанын айтты. Осы категория бойынша: « Уақытша ұстау изоляторынан 91 адам босатылды – Прокурор Жаппай тәртіпсіздік кезінде 149 адам қаза тапты – Алматы ПД »

Дереккөз : 24.kz