Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбет қорғауындағы қазақстандықтың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген нигериялықтың ұсталғаны туралы мәліметті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдын ала мәлімет бойынша, шет мемлекеттің аумағында Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне «Джонни» ұсталды. Ол 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға жасаған сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген болатын.
2015 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі аталған Нигерия азаматының үстінен қылмыстық іс қозғаған. Нақты ақпарат алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне адвокаттық сауал жолдадым», - деп жазылған адвокат Сұңқар Нұрмағамбетовтің БАҚ өкілдеріне таратқан.