Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендер жаңа үй немесе өтемақы ала алады.

«Бүгін Архимед Мұхамбетов эвакуацияланған тұрғындар уақытша тұрып жатқан мектепке барды. Аймақ басшысы зардап шеккендердің жаңа үй немесе өтемақы алуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылады», - деп жауап берді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен тілші сауалына орай.

Алапат өртке байланысты Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті құзырлы орган мәліметінше, әкімдік резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі таңда қызыл жалын шарпыған аумақтардан 1 800-ден астам адам эвакуацияланған.  Бұған дейін хабарлағанымыздай, төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кеткенін мәлімдеді.

КТК телеарнасы