Орал қаласында төбелеске қатысқан ресейліктер елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, тәртіп сақшылары ҚР заңнамасын бұзған РФ азаматтарын республика аумағынан шығарып жіберу туралы әкімшілік соттың шешімін орындады.
«Полиция қызметкерлері «Сырым» шекара бекеті арқылы екі ресейлікті елден шығарды. Сонымен қатар төбелеске қатысқан тағы екі ресейлік әкімшілік қамаққа алу мерзімі аяқталғаннан кейін ҚР аумағынан шығарылады», - деп хабарлады ведомстводан.