Еліміздің бес өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

  5 қазанда Батыс Қазақстан облысында – күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының орталығында дауыл соғады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында дауыл соғады.

Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстік-шығыста, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с.  Шымкентте – шығыстан 15-20 м/с жел соғады.