Алматыда цех жұмысшысының қолы ет тартқышқа кіріп кетті.
Алматыда котлет жасайтын ет цехында жұмыс істейтін 1981 жылғы ер адам тартқышқа ет салған кезде, қолы да құрылғыға кіріп кеткен.
Ер адам ештеңе істей алмай қалған, себебі құрылғы үздіксіз жұмыс істейді. «Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ мәліметінше, 26 қаңтарда кезекші бөлімге осы жағдай туралы хабарлама түседі. «Құрамында 7 құтқарушы бар жедел топ дереу жолға шықты.
Жеткен сәтте құтқарушылар ер адамның қолын ет тартқыштан шығаруға кірісті. Техникалық жұмыстармен бірге, РЖҚЖ психолог-құтқарушысы психологиялық көмек көрсетті.
Құтқару операциясы аяқталған соң, зардап шеккен ер адам жедел жәрдем қызметіне жіберілді», - деп хабарлады мекемеден.
«Республикалық жедел-құтқару жасағының» қызметкерлері азаматтарды кез келген жұмыста қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырды.