Ақтауда автогаз тапшылығы сезіле бастады. Бірнеше күннен бері газ құю бекеттерінің алдында көлік кезегі көбейген. Әсіресе таңертең және кешке жүргізушілер газ таппай сенделіп жүр,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі,КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір қаладағы газ құю бекеттерінің көбі жабық дейді жүргізушілер. Көгілдір отын тапшы екенін бекет иелері де растап отыр. Ал ашық тұрғандарында ұзын-сонар кезек.
Тұрғындар алдағы уақытта автогаз бағасы қымбаттауы мүмкін деп алаңдауда. Ал әкімдік өңірде сұйылтылған отын қоры жеткілікті деп жайбарақат отыр.
Тапшылыққа өзге өңірлерден көлікпен келетін саяхатшылар кінәлі деп сендірді.
Жасұлан Бекболат, Маңғыстау облысы энергетика және ТКШ басқармасының бас маманы: - Маңғыстау облысының сұйытылған мұнай газына сұраныс 17 000 тонна. 30 мамырда Ақтаудың автогаз станцияларында қалдық қоры - 838,0 тонна. Сұраныстың көбейіп кету себебі: сыртқы өңірлерден, Атырау, Ақтөбеден туристер көп келіп жатыр. Сол себепті сұйытылған мұнай газына қазір сұраныс көбейіп отыр.